Қазақстанның білім беру жүйесінде “Мақсатты мектеп” жобасы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруіне және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.
Жоба аясында педагогтер үшін арнайы тренингтер, семинарлар және тәжірибе алмасу платформалары ұйымдастырылуда.
Бүгін, мақсатты мектептің базалық курс бағдарламасы бойынша онлайн оқытудан өтіп жатқан республикалық химия пәні мұғалімдері үшін кезекті семинар оздырылды.
23 қаңтар күні Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызының ұйымдастыруымен онлайн форматында химия пәні бойынша базалық курстың «Химия және қоршаған орта» 5-модулінің Карбон қышқылдар тақырыбында республикалық семинар өтті.
Оқыту семинарының Zoom конференциясына республикамыздың мақсатты мектептерінің химия пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау бағытында химия пәні мұғалімінің теориялық және практикалық дағдыларын жетілдіру көзделді.
Іс-шараның барысында ЛМС білім беру порталында 5-модуліндегі карбон қышқылдары тақырыбы бойынша карбон қышқылдарының молекуласының құрылымын, оның қышқылдық қасиеттерін, металдармен, негіздермен және тұздармен реакцияларын және эфирлеудің маңызды процесін, өнеркәсіпте қолданылуы туралы мазмұнын тереңірек ашу мақсатында интербелсенді әдістер (химиялық диктант, Стоп кадр, Кейс) арқылы бейне контенттер, практикалық тапсырмалар ұсынылды.
Семинар соңында қатысушылар карбон қышқылдары тақырыбын оқытуда интербелсенді әдістердің тиімділігін атап өтті. Алған білімдері мен дағдыларын сабақ үдерісінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді. Бұл семинар химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, оқу материалын терең меңгеруге және заманауи педагогикалық технологияларды меңгеруге ықпал етті.
Осындай тәжірибе алмасу алаңдары арқылы еліміздің білім беру сапасын жақсартуға бағытталған “Мақсатты мектеп” жобасы өз мақсатына жетіп, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына жол ашуда.


