Елордамыз Астанада педагогтердің Тамыз саммиті – 2024 ұйымдастырылды. Алғаш рет дәстүрлі тамыз конференциясы халықаралық қонақтардың, білім берудегі сарапшылардың қатысуымен саммит форматында өтті. Республикалық тамыз саммитіне «Өрлеу» БАҰО өкілдері де қатысты.
🔰Биылғы жылы саммит «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және жасанды интеллектіні дамыту жоспарына арналады.
🔰Саммитке ҚР Премьер-Минстрінің орынбасары Дүйсенова Тамара Қасымқызы арнайы қатысып, биылғы жылы еліміздің білім сапасындағы ерекшеліктерге тоқталып, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
🔰Самиттің ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып ұстаздар қауымын тамыз саммитінің басталуымен құттықтап, жаңа оқу жылында білім саласын дамытуды, жетілдіруді көздейтін жаңа міндеттерді атап өтті.
🔰Секция аясында жасанды интеллект көмегімен жасалған цифрлық өнімдердің білім беру көрмесі көрсетіліп, білім беру саласындағы үздік сарапшылардың қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстармен қатар шеберлік сабақтары да ұсынылды.
🔰Сонымен қатар, отырыс аясында «Өрлеу» орталығының басқарма төрағасы Шилибекова Айдана Сенбекқызы «Педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамыту» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
🔹Республикалық саммиттің пленарлық секция отырысында Атырау облысы атынан Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп – лицейінің информатика пәнінен зерттеуші – мұғалім, «Өрлеу – Атырау» филиалы курстарының шақырылған дәріскері Есенгалиева Гулфара Сагынгалиевна «Жасанды интеллект көмегімен Magic School платформасында бағалауды автоматтандыру» тақырыбындағы жұмысын қатысушылар назарына ұсынды.
🔹Секция жұмысы қатысушылардың өзара пікір алмасуымен қорытындыланып, білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін үздік педагогтер марапатталды.