«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институты тақырыбында республикалық (off-line және on-line) шеберлік-сынып өткізді.
Шебер-сыныптың мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру болды.
Мектептегі психологиялық қауіпсіздік, ата-аналармен өзара іс-қимыл, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері қаралды. Спикерлер шебер-сынып қатысушыларымен мектеп психологы жұмысының техникалары мен құралдарымен бөлісті. Шебер-сынып аралас форматта өтті.
Іс-шара барысында спикерлер қатысушыларды буллинг ұғымымен және кибербуллингтің ерекшеліктерімен, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллингтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзекті заманауи ресурстармен таныстырды. Қатысушылар осындай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы негізгі ұсыныстарды талқылады. Бейне-презентация мысалында қиын жағдайлардан шығу әдістері талданып, жасөспірімдерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар елімізде салауатты ұлтты тәрбиелеу мақсатында қоғамда өзара іс-қимыл және қолайлы климатты сақтау мәселелеріне көп көңіл бөле бастағанын атап өтті.






