20 қарашада «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері мен педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы заманауи білім беру технологиялары» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға еліміздің әр аймағынан 400-ден астам мақала келіп, 200-ге жуық педагог қатысты. Онлайн ZOOM платформасында өткен шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, педагогтері мен мамандары жиналды.
Конференцияның басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық инновациялық тәжірибені тарату.
Конференцияны «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры Азамат Әбділқаилұлы ашты. Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ мониторинг және талдау департаментінің басшысы Тюлебаева Г.К., Астана қаласының әдістемелік орталығының мектепке дейінгі бөлімінің басшысы Амирхамзина Р.Г., ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК директоры, п.ғ.к.,ҚР ЖАК доценті, қауымдастырылған профессор Гүлшат Онланбекқызы, «Өрлеу» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша КДИ филиалы директоры, п.ғ.к. Альмагамбетова Л. С., «Өрлеу» Қарағанды қаласы бойынша КДИ филиалы «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Ибрагимова Г.К. сөз сөйледі.
Конференция барысында педагогтер зерттеу тәжірибесі, инновациялық технологиялар мен әдістемелік жұмыстардың сапасын арттыру жолдарын талқылады.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Жаңа білім мен тәжірибелерімізді білім беру саласында дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін рақмет!









