27 маусым күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының ұйымдастыруымен «Білім берудегі цифрлық трансформация: технологиялар дәуіріндегі тәрбие мен оқыту» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шараға мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, техникалық және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен біліктілікті арттыру саласының мамандары қатысты.
Конференция жұмысы гибридтік форматта, яғни офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, ZOOM платформасы арқылы 200 – ге жуық педагог белсенді қатысты. Атап айтқанда, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облысы және Талдықорған қалаларынан педагогтер цифрлық трансформация тақырыбындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Шара аясында ұйымдастырылған EDTech-жәрмеңке озық тәжірибелер алаңына айналды. Бұл алаңда заманауи цифрлық шешімдер, білім беру платформалары мен құралдары таныстырылып, педагогтер өз тәжірибесіне қажетті пайдалы ресурстармен танысты.
Конференцияның пленарлық бөлімін филиал директоры Софья Измуханбетова жүргізді.
⠀
Эксперттік сессия қатысушыларымен өткен «Ақыл-ой» ойыны мазмұнды пікір алаңына айналды. Оған облыстағы білім беру ұйымдарының ІТ, робототехника және цифрлық технологиялар бағытында табысты еңбек етіп жүрген басшылары мен сарапшы педагогтер қатысып, заманауи білім берудегі өзекті мәселелерді талқылады.
Конференция соңында ұсынымдар қабылданып, секциялық бөлімде шеберлік сыныптар өткізген қатысушыларға дипломдар табысталды.





