Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысу

Өрлеу Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты Қазақ Орда ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына арналған «Көрнекі тұлға және оның тарихқа қосқан үлесі: тұлғатану ұстанымдары тарихи білім беруде» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізді.

Іс-шараға Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызы қатысты. Пленарлық мәжілісте «Жұмабек Тәшенов – Қазақ жерінің тұтастығын сақтаушы тау тұлға»атты баяндамасын жасады.

Конференцияның мақсаты – педагогтардың шығармашылық және инновациялық іс-әрекетін қолдау, кәсіби жетілуін ынталандыру, тұлғтануда қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану бағытындағы педагогикалық іс-тәжірибені таратудың инновациялық кеңістігін құру, қалыптастыру, орнықтыру болып табылады.

Конференция жұмысына Өрлеу филиалдары, ЖОО-ның профессорлық-педагогикалық қызметкерлері, техникалық және кәсіптік, жалпы білім беретін, қосымша білім беру ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагогтары қатысты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар