Республикалық әдістемелік десант

2024 жылдың 19-20 ақпаны аралығында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи оқу-тәрбие процесіндегі инклюзивті білім беру және зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары» тақырыбындағы болашақ педагогтар мен жас мамандарды кәсіби қолдау республикалық әдістемелік десанты өтеді.

Әдістемелік десант жұмысының мақсаты: «Инклюзивті білім беру және зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары бойынша педагог-ғалымдарымен, әдіскерлермен және ЖОО пікір алмасу алаңын жүзеге асыру, педагогикалық шеберлікті шыңдау тұрғысынан тәжірибе алмасу.

Іс-шараның міндеттері:

инклюзивті білім беру және зорлық-зомбылықтың алдын алу  тәжірибесі бойынша озық тәжірибені көрсету;

педагогикалық тәжірибеде жаңа формалар мен әдістерді қолдану бойынша тренерлер мен жас мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

Әдістемелік десант жұмысына  қатысушылар: ЖОО әдіскер-ғалымдар, әдіскерлер, сертификатталған коуч-тренерлер, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері, жас мамандар.

Іс-шара 2024 жылдың 19 ақпанында Астана уақытымен сағат 10:00 https://us04web.zoom.us/j/77844478708?pwd=iLXlc5jgJU955hBgI2Ha4AUaPcqmvV.1 сілтемесі бойынша Zoom платформасы арқылы online форматта басталады.

2024 жылдың 20 ақпанында сағат 09:00-де (2 күн) «Жалпы білім беретін орта мектептердегі айырықша білім беруді қажет ететін оқушылармен коммуникацияға түсудің, әмбебап оқыту әдістерін қолданудың жолдарын көрсету және шебер мұғалімдердің қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыра оқыту тәжірибесінен сабақ алу» тақырыбындағы тәжірибелік алаң-тренингтер Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратында өтеді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар