Республикалық әдістемелік десант – 1-күн

2025 жылдың 29 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бас оқу ғимаратында «Болашақ педагогті әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер» атты республикалық әдістемелік десанттың алғашқы күні өтті.

Іс-шараны Филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Алуа Таңжарықова және Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Қайсар Нұрлыбаев ашты.

Іс-шара аясында білім беру саласындағы мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • Алматы облысы, Талғар ауданы, №39 мектебінің директоры Меруерт Арынбаева– жас маманның алғашқы жылындағы қиындықтар туралы баяндама жасады;
  • Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ кафедра меңгерушісі, PhD доктор Меруерт Бисенбаева – мәтіндерді талдауға арналған тапсырмалар жайлы ой бөлісті;
  • Институт тренері Ләззат Орманбекова– дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері бойынша тренинг өткізді;
  • Педагог-шебер Нұргүл Абдрахманова– қазақ тілі сабақтарында оқу сауаттылығын жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстырды;
  • Педагог-шебер Құралай Саттыбековажәне педагог-зерттеуші Талғатұлы Данияр – айтылым мен тыңдалым дағдыларына арналған әдістерді көрсетті;
  • Педагог-сарапшыДана Карина– қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тиімді және қызықты өткізу: ұстаздың қос миссиясы тақырыбында тренинг өткізді

Кері байланыс барысында студенттермен сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды. Қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар