Республикалық әдістемелік десант – 2 күн

2025 жылдың 30 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Abai Library» конференц-залында «Болашақ педагогті әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер» атты республикалық әдістемелік десанттың екінші күні өтті.

Іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ «Шетел тілдері» кафедрасы меңгерушісі, PhD доктор Серик Иватов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екінші күннің бағдарламасы мазмұнға толы болды. Білім беру ісінің майталмандары тәжірибелерімен бөлісіп, ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдері мен тиімді әдістемелерін ортаға салды:

✅ Абай атындағы ҚазҰПУ «Шетел тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гульсим Нурекешова – Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдіснамасы туралы баяндама жасады;

✅ Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, 38 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Рустам Оразалиев және Анар Ерболатова – оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған “Speech club for confident leaders” атты шеберлік сабағын өткізді;

✅ Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбак ауылындағы орта мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Назерке Тутбаева – Essential Principles of Effective English Language Teaching тақырыбында тренинг ұйымдастырды;

✅ Алматы облысы, Іле ауданы, №7 орта мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі Мейрамбек Каржаубаев – Linguistic competence is the basis for the formation of functional literacy функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы лингвистикалық құзыреттіліктің маңызын атап өтті;

✅ Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қарасай батыр орта мектебі, педагог-зерттеуші Акмарал Нурмагамбетова – Teaching functional language тақырыбында тәжірибелік тренинг жүргізді.

Күн соңында қатысушылар ашық диалог пен кері байланыс алаңында пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар