🔑 Семинардың мақсаты:
Курстан өткен педагогтерді курстан кейінгі қолдау шаралары аясында тәжірибе алмасу, жетістіктер мен қиындықтар, оларды еңсеру жолдарын талқылау.
🌐 Онлайн формат шараға 50-ден астам тыңдаушы қатысып, 23 педагог өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар келесі бағыттар бойынша өтті:
- Менеджмент қырлары
- Оқытудағы инновациялар
- Тәрбие тағылымдары
- Инклюзивті білім мен орта
- Цифрлық кеңістік
💡 Педагогтер озық тәжірибелерін ұсынып, сындарлы кері байланыс алып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді кең көлемде талқылады. Семинар нәтижесінде педагогтердің тәжірибелері республикалық жинаққа енгізілді. Жинақ сілтемесі
👏 Барлық қатысушыларға белсенділігі мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіреміз!