Жас ұрпаққа рухани тәлім-тәрбие беру заманымыздың өткір талабы. Білім беру жүйесінде тәрбие беру ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Осы мақсатта «Ақтөбе-Өрлеу» институтында «Рухани-адамгершілік білім беру мен тәрбиені оқу процесіне интеграциялау арқылы жаһандық құзыреттіліктерді дамыту» тақырыбында Халықаралық зерттеулерді түсіндіру, адамдардың бір-бірін құрметтеуі, адами құндылықтарын бағалай білуі, мобилді болу қабілетін арттыру мақсатында облыс педагогтеріне арналған семинар ұйымдастырылды.
Аталған семинарда жеке тұлғаның бойында бейбітшілікті қалыптастыру, тұрақты даму, жаһандану, адам құқығы мен мәдени әртүрліліктің мәнін құрметтеу құндылықтарымен бірге тәрбиелену, яғни құндылықтарға негізделген білім беру тәсілдері қарастырылды.
Коуч-тренер Тоқбасова Айжан Серикбаевна қазіргі кездегі білім берудегі оқытушының мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып табылатындығын атап өтті.
Рефлексия қорытындысы бойынша семинар – педагогтер тарапынан жоғары бағаға ие болды.





