«Рухани –тұлғалық даму» тақырыбындағы әдеби салон

11 қаңтар күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында ұжым қызметкерлерінің қатысуымен «Бірге оқимыз» жобасы аясында «Рухани –тұлғалық даму» әдеби салоны өтті. Шараны институт директоры Софья Измуханбетова алғы сөзбен ашып, кітап оқу адамның рухани дамуы мен жақсы жаққа өзгеруіне ықпал ететінін айтып өтті.

Әдеби салонға спикер ретінде психолог, п.ғ.магистрі «Жан сыры» психологиялық орталығының жетекшісі Шамұратова Құралай Шамұратқызы арнайы шақырылды. Құралай Шамұратқызы қатысушылармен   тұлғаның қалыптасуы және дамуы, жеке тұлғаны қалыптастырудағы фактор, ізгілікті білім беру ортасын
құру, құнды қасиеттерге ие болу, рухани
бай адамды қалыптастыру сынды тақырыптарды қозғап, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.

Шара соңында  «Тұлғалық дамудағы Кайдзен әдісі» тақырыбында тренинг өткізіліп, ұжым қызметкерлері белсенділікпен қатысты.       

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар