РФММ-де өткен көшпелі тәжірибелік сабақ

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының ағымдағы жылдың 13 және 24 мамыр аралығында «Python бағдарламалау тілін оқытудың әдістемесі мен тәжірибесі» тақырыбында өткен курсы аясында тәжірибе алмасу мақсатында Республикалық физика-матеметикалық мектепбінде тыңдаушыларға арналған «Python бағдарламалау тілінде тізімдермен жұмыс жасау негіздері» атты көшпелі тәжірибелік сабақ өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ тренері Фатима Каракушекова. Көшпелі тәжірибелік сабаққа Алматы облысының 20 мұғалімі қатысты. 

Республикалық мектептің информатика пәні мұғалімдері Индира Бұлақбаева және Серік Алғазы өздерінің 9-11 сыныптарындағы сабақ үрдісін көрсетіп, курс тыңдаушыларымен тәжірибе алмасты. Қатысушылар сабақтардың өте жоғары дәрежеде өткенін белгілеп, ризашылықтарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар