Сабақтың сапасын арттыру – басты назарда!

23 қаңтар күні, Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының кафедра меңгерушісі Галия Сапарбековна Жусупованың Арқалық қаласы білім бөлімінің Фурманов жалпы білім беретін мектебінде» көшпелі семинар-тренинг өткізілді.

Семинар тақырыбы: «Сабақты бағалау және әдістемелік жүйесі». Іс-шараның негізгі мақсаты – мақсатты мектептерге әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар барысында қатысушылар бағалау критерийлерін қолданудың тиімді жолдарын меңгеріп, сабақтың сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдістемелермен танысты. Г.Жусупова мұғалімдерге оқу жоспарларын қайта қарап, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін әдістерді енгізуді ұсынды.

Іс-шара «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында жүзеге асырылды. Жоба еліміздің білім сапасын жетілдіруге және мақсатты мектептерді қолдауға бағытталған.

Қостанай облысы білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімінің Фурманов жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері жаңа әдістемелерді тәжірибеге енгізу арқылы оқушылардың білім деңгейін жақсартуға мүмкіндік алатынына сенімді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар