Сабақты жоспарлау, функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша тапсырмаларды құрастыру тәжірибесі

«Өрлеу» Қызылорда филиалында мақсатты мектеп педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, заманауи педагогикалық әдістемелерге негізделген білім беру сапасын арттыруға бағытталған курстан кейінгі сүйемелдеу шаралары өткізіліп жатыр.

Мақсатты мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Сабақты жоспарлау, функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша тапсырмаларды құрастыру тәжірибесі» тақырыбында онлайн вебинар өтті. Вебинарда функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған оқыту әдіс-тәсілдері, тиімді сабақты жоспарлау және функционалды тапсырма құрастыру жолдары ұсынылды.

Вебинар барысында филиал аға оқытушысы Маржан Смағұлова функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған оқыту тапсырмаларының ерекшеліктеріне тоқталып, тапсырма құрастыру алгоритмімен бөлісті.

Әдістемелік шараның практикалық бөлімі тәжірибе алмасу сабақтарымен, іс-тәжірибені бөлісу жұмыстарымен жалғасын тапты. Қатысушылар информатика сабағында жобалық оқыту, ситуациялық есептерді шешу, оқу сауаттылығын, математикалық сауаттылықты дамыту әдістері бойынша тәжірибелік сабақтарды көрсетті. Сыр өңіріндегі мақсатты мектеп педагогтерін курстан кейінгі қолдауға бағытталған әдістемелік шаралар ауқымы кеңейіп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстары жалғаса бермек.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар