Наурыздың оныншы жұлдызында Май ауданының Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінде «Сабақты зерттеу тәсілін енгізу арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында аудан мұғалімдеріне арналаған семинар ұйымдастырылды. Оған модератор ретінде жергілікті «Өрлеу» оқытушысы Өміргүл Ертісхан, аудандық білім беру бөлімінің мамандары және 50-ге жуық мұғалім мен балабақша әдіскерлері қатысты.




Семинардың мақсаты Lesson Study үдерісін іске асыру және оның нәтижесін таныстыру арқылы, мұғалімдердің дамудың қандай сатысында екендігін анықтау.
А. Иманов мектебі Lesson Study үдерісін алғашқылардың бірі болып қолға алған. Бұл жолғы семинарда қатысушылар тәжірибе алмасу сабақтарына, шеберлік сәттерге қатысып, коучинг галереяларын тамашалады. Ұйымдастырушылар мектепалды топ, ағылшын тілі, қазақ тілі, математика пәндері бойынша зерттеу сабақтарының нәтижесін жариялады. Іс-шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.