Алматы облысы Іле ауданы М.Түймебаев ауылы №43 орта мектебінде Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өткен тыңдаушыларды курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстары өз жалғасын табуда.
Мектептің география пәні мұғалімі Эльмира Умирбаева «Сабақты зерттеу тәсілінің көмегімен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында коучинг өткізді.
Коучингке Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ аға оқытушысы Ғалым Іркітбай қатысып, педагогтерге өзінің кері байланысын берді. Іс-шара барысында қатысушылар заманауи талаптар негізінде зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастырды.





