22.11.2022 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты мен Түркістан облысы Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №11 Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ арасындағы түзілген ынтымақтастық келісімшарты аясында әрі біліктілікті арттыру курстарынан өткен пән мұғалімдеріне курстан кейінгі сүйемелдеу жүргізу үшін «Сабақты тиімді жоспарлау» атты облыстық оқу-әдістемелік семинар өтті. Облыстық оқу-әдістемелік семинардың мақсаты: оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлаудағы педагогтердің жеке дамуын зерттеу; педагогтердің кәсіби дамуын арттыру; біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтің кәсіби қызметіндегі өзгерістерді қорытынды мониторингілеу және талдау; педагог қызметіне курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу. Оқу-әдістемелік семинарда №11 Б.Момышұлы атындағы ЖОББ мектебінің тарих пәні мұғалімі Жунусов Ғани, ағылшын тілі пәні мұғалімдері Кушенова Балнур, Чулдакова Жанар, Дуйсенова Айнур, биология пәні мұғалімі Қонысова Гаухар Идиятқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ахметова Бейбіткүл, Елтаева Жазира Пернебекқызы, Ақпанова Айша, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Токабаева Ботакөз, физика пәні мұғалімі Айдаева Гаухар, химия пәні мұғалімі Жузжанова Гулнар және информатика пәні мұғалімі Тажиметова Гулшат өз пәндері бойынша ашық сабақтар өтіп, тәжірибелерімен бөлісті. Жоғарыда аталған пән мұғалімдері тәжірибесімен бөліскені үшін мадақтамалармен марапатталды. «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары ашық сабақтарды талдап, келешекте де аталған бағыттардағы жұмысты қарқынды түрде жалғастыратын болды.




