2023 жылдың 14 ақпан күні Ақтөбе қаласы № 65 ЖББОМ базасында «Ақтөбе-Өрлеу» институтынан біліктілігін арттырған педагогтерге арналған курстан кейінгі қолдау мақсатында «Сабақты тиімді жоспарлау-мақсатқа жетудің кепілі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараны филиалдың кафедра әдіскері Л.Ермекбаева мен N65 ОМ басшысы М.Жантурина алғы сөзбен ашып, мектеп мұғалімдері А.Берікқызы, Г.Е Қоразова., Б.Б. Тулепов, Н.К.Казмановтар тәжірибелерімен бөлісіп шебер кластар көрсетсе, Темір ауданы мен қала мектептерінен келген 18 мұғалім панорамалық сабақ көрсетті. Сабақтың барлық кезеңдері нақты жоспарланып, мұғалімдер ақпараттық технология мен әр түрлі жұмыс түрлерін шебер қолдана білді. Семинарға қатысқан тірек мектептер мұғалімдері іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.





