Сапалы білім беруде мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдау

2023 жылдың 28 сәуірінде Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе орта мектебі» КММ базасында «Сапалы білім беруде мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдау» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар-практикум семинары өтті. Мақсаты, оқу сабақтарында оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін қолдана отырып, зерттеу сабақтары арқылы білім алушылардың оқу жетістігінің артуына ықпал ету.

Облыстық семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының әдіскері Г.У.Каллибекова жетекшілік етті. Семинарды мектеп директоры Ғ.Қаламов ашты. Бағдарламаға сәйкес, химия пәнінің мұғалімі А.Т.Рахметалина «Галогеналкандарды алу» тақырыбында, география пәні мұғалімі Н.К.Аязова «Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы» тақырыбында, биология пәні мұғалімі Б.Ж.Сулейменова «Биологическое значение двойного оплодотворения» тақырыбында зерттеу сабағын (3-ші айналым) өткізіп, сабақ барысында педагогтар цифрлық ресурстар Prezi, Focusky, Quzizz, Flippyty, Kahoot, Wooclap, LearningApp, Padlet тақтасы секілді электрондық қосымшаларды ұтымды пайдаланды.

Практикалық бөлімінде «Білім алушылардың оқу жетістігін арттырудағы зерттеу сабақтарының маңызы» тақырыбында педагогтар курс тыңдаушыларымен іс-тәжірибе алмасып, туындаған мәселелерді бірігіп шешіп,зерттеу сабақтарының білім алушылардың оқу жетістігінің арттыруына оң ықпал етеді деген түйінді идея қалыптасты. Педагогикалық тәжірибені жалпылауды облыс педагогтері – кәсіби құзыреттіліктерін дәлелдей отырып, әдістемелік қызметтерін сараптау, оқыту үдерісіндегі оқытудың ұтымды жолдарын көрсете алуға негізделген семинарлар арқылы өрбітуде.

Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе орта мектебі» КММ әкімшілігіне, әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз. Болашақта бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар