Рухани жаңғыру бағдарламасы ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, атадан балаға табысталатын асыл мұралары қазақ халқының ұлт ретінде ұйысуына негіз болатыны анық. Ұлттық мәдениет және дәстүр тек алдыңғы буын ұрпақтардың рухани тәжірибесін ғана сақтап қоймай, мәдени мұрадағы құндылықтарды жаңғыртады. “Өрлеу “Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алтын орда – Сарайшық ортағасырлық қаласының археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.

- 10 Дек
- 2021