Семинар «Заманауи мектепті басқарудағы трендтер және халықаралық тәжірибе» 

«Өрлеу» РКДИ аға оқытушысы Сандугаш Комекова Алматы қаласы бойынша орта білім беру ұйымдары басшылары мен орынбасарларына арналған «Заманауи мектепті басқарудағы трендтер және халықаралық тәжірибе»  тақырыбында семинар өткізді.  

        Семинардың мақсаты басшылардың менеджменттегі тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру, кәсіби шеберлігін арттыру және озат іс-тәжірибемен бөлісу алаңын құру.  

         Семинарда басшылар заманауи мектепті басқаруда менеджменттегі стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың жобасын кеңінен талқылап, стратегиялық менеджменттегі талдау әдістерін саралады. 

          Сондай-ақ, №31 мектеп директоры Мақпал Батырханова Сингапур елінің тәжірибесімен бөлісіп, мектептегі стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың ерекшеліктері туралы кеңінен қамтып өтті. №42 мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Айсәуле Кәрімбайқызы мектепті жаңа басқару, цифрлық білім беру және жасанды интеллект туралы өз тәжірибесімен бөлісті.  

        Семинар соңында ашық микрофон алаңы ұйымдастырылды. Қатысушылар менеджменттегі заманауи трендттер жайлы ой бөлісті, сұрақ-жауап болды, маңызды идеялар талқыланды.  

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар