Бүгін 2 наурыз күні Оралдағы «Өрлеу» институтында екі күндік «Нақты өзгерістер: оқыту сапасын арттыру үшін Lesson Study және Action Research қалай пайдалануға болады?» тақырыбында семинар-практикум басталды. Lesson study (сабақты зерттеу) және Action research (іс-әрекеттегі зерттеу) аясында педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдау бойынша сұрақтарды зерделеу мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысына педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдауға жауапты аудандық, қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлері қатысуда.
Семинар жұмысын институт директоры Измуханбетова Софья Салахиденқызы алғысөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Директордың орынбасары Байкатова Күміс Ильясовна семинар тақырыбына кіріспе жасап, мақсат-міндеттерін түсіндіріп өтті.
Ұйымдастырылған шараның бірінші күні Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушылары Action research технологиясының тарихы және әдістерімен таныстырып, іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің негізгі кезеңдері мен алгоритмін анықтау бағытында іс-тәжірибелерімен бөлісті.







