«Орталық Азия Инновациялық университеті» ЖШС мен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың қаңтар айының 11 жұлдызында университет базасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасына шолу. Оқыту процесіне негізгі тәсілдерді енгізу» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Семинар-тренингке «Орталық Азия Инновациялық университеті» ЖШС ғалымдары (63), университет проректоры Н.Ж.Дүйсенов, «Мониторинг, СМК және аккредитациялау бөлім басшысының орынбасары», доцент Г.Б.Қылышбаева «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жуманова Райхан , Сазабаева Ардана қатысты. Семинарда бүгінгі күннің өзекті мәселелері талқыланды. Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын қарастыра отырып, оқыту үдерісіне енгізілген негізгі тәсілдерді зерделеу, қатысушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру, тәжірибе алмасу. Семинардың күтілетін нәтижесі: Білім алушылардың түрлі әдістерді қолдана отырып креативті ойлауын дамытады; Білім алушыларды мектептен тыс білім беру бағдарламалар мен қызығушылығына қарай үйірмелерге баулу арқылы функционалдық сауаттылықтарының артуына ықпал етеді; Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін анықтайды; Оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын талдайды; Оқу бағдарламаларындағы негізгі оқыту тәсілдерін анықтайды. Бірінші бөлімінде алғы сөзді «Орталық Азия Инновациялық университеті» ЖШС-нің «Мониторинг, СМК және аккредитациялау бөлім басшысының орынбасары, доцент Г.Б.Қылышбаева бастады. Ол кісі өз баяндамасында: «Білім беру – инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы 9.01-20.01.2023 аралығындағы өткізілетін онкүндік жоспарына байланысты жүргізіліп жатқан іс-шарасымен таныстырды. Семинар-тренингтің мақсаты мен міндеттерін «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жуманова Райхан түсіндірді. Семинар-тренингті Райхан Жуманова «Жаңартылған білім беру ерекшеліктеріне, шиыршық моделіне, Блум таксономиясына» тоқталса, Ардана Сазабаева осы жаңартылған білім берудің алғы шарттарына, оқу бағдарламасының құрылымына, оқу жоспарларына тоқталды. Семинар-тренинг барысында ширату жаттығулары, ой қозғаулар, топтық тапсырмаларды орындау, топтық талқылаулар, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тапсырмалары, сабақта қолданылатын пәндік әдіс-тәсілдерді жүргізіп, тиімділігі талқыланды. Студенттермен жұмыс жасау барысында қолданылатын іс-әрекеттік жүйе талқыланды. Қорытынды бөлімінде қатысушылардың ЭСӘТ талдауы жүргізілді. Мұнда «Жаратылыстану –математика бағытындағы пәндерде дағдыларды дамыту қаншалықты маңызды? Ол үшін қандай тәсіл қолдануға болады?» деген сұрақтарға талқылаулар жүргізілді. Семинарға қатысушылар тарапынан қызу талқылау ұйымдастырылып, әріптестер өз пікірлерін жарыссөзде білдірді.
Дайындаған: Жуманова Райхан, Сазабаева Ардана