AELLCA бағдарламасы білім беру жүйесін жаңғырту аясында әзірленген және ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруды, тренерлердің кәсіби әлеуетін күшейтуді мақсат етеді. Бағдарлама халықаралық тәжірибеге сүйенген жаңа тәсілдерді біліктілікті арттыру жүйесіне енгізуге бағытталған.
Астанада өтіп жатқан каскадты оқу модельдері трнерлік жұмыстың негізгі компоненттерін қамтиды.
Қатысушылар тренинг сессиясын жоспарлау, материалды тиімді құрылымдау, аудиториямен өзара әрекеттесу, фасилитация және рефлексия дағдыларын меңгеруде. Сондай-ақ микротренингтер арқылы алған білімдерін тәжірибеде бекіту мүмкіндігіне ие.
🎓 Тренинг аяқталған соң қатысушылар бағалау кезеңінен өтіп, халықаралық сертификат алады.


