Солтүстік Қазақстан облысының педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы

2025 жылғы 20 тамызда Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті. Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Конференция барысында 2024–2025 оқу жылының қорытындылары шығарылып, өңірдің білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары айқындалды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесінде кадр даярлау мәселелеріне, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарды қолдауға ерекше назар аударылды. Шара аясында білім беру ұйымдарының өкілдері, өндірістік оқыту шеберлері мен педагогтерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.

Кызылжар ауданының Бескөл орта мектебі «Өңірдің үздік мектебі» атағына ие болды. Сондай-ақ барлық ауданнан үздік нәтиже көрсеткен педагогтер марапатталды.

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы білім беру жетістіктері көрмесіне қатысты. Филиал оқытушылары мен өңір мұғалімдері бірлесіп әзірлеген авторлық оқу кубиктері ерекше қызығушылық тудырды. Көрме қонақтары олардың практикалық маңыздылығы мен әдістемелік құндылығын жоғары бағалады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар