«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсы басталды

🔹Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңі басталды.

🔹«Педагогикалық идеялар панорамасы» әрбір қазақстандық педагогке 12 бағыттың бірі бойынша (ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық) бейнематериал түрінде өзінің авторлық материалын ұсынуға мүмкіндік береді. Конкурсқа жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады (топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы керек).

🔹Бейнематериалдардың: дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, шеберлік сабақ, цифрлық білім беру ресурсы мен бейнеподкаст секілді түрлері қабылданады. Түсірілген материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуға болады. Конкурсқа қатысушылардан берілетін бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтініш беріп, бір бейнематериалды жібере алады. Конкурс жұмыстары 7 критерий бойынша бағаланады: бейнересурстың өзектілігі, дәлелділігі, пәнаралық интеграциясы, әдістемелік құндылығы, инновациялылығы, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлігі, аудио/бейнеқатар сапасы.

🔹12 бағыттың әрқайсысында бір бірінші орын, екі екінші орын және үш үшінші орын беріледі. Өңірлік және республикалық кезеңдердің барлық қатысушылары қатысқаны үшін сертификаттарымен немесе 1, 2, 3 дәрежелі жеңімпаздардың дипломдарымен марапатталады. YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша мадақтау сертификаты қарастырылған. Конкурстың барлық марапаттау құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына сәйкес аттестаттау кезінде біліктілік санатын беру немесе растауда ескеріледі.

🔹Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz сайтында 24 сәуір – 15 қазан аралығында қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық филиалдарына хабарласуларыңызға болады.

Стартовал региональный этап республиканского конкурса видеоуроков и видеолекций для организаций дошкольного, среднего, дополнительного, технического и профессионального, послесреднего и высшего образования «Панорама педагогических идей-2023».

Авторские работы в форме видео педагоги смогут представить по одному из 12 направлений:
• ранняя грамотность для педагогов дошкольного обучения и воспитания;
• читательская грамотность;
• математическая грамотность;
• естественнонаучная грамотность;
• цифровая грамотность;
• медийно-информационная грамотность;
• финансовая грамотность;
• экологическая грамотность;
• медицинская грамотность;
• социально-эмоциональная грамотность;
• межкультурная грамотность;
• гражданско-правовая грамотность.

Принять участие можно как индивидуально, так и в авторской группе – количество участников не должно превышать трех человек. Педагогам необходимо предоставить следующие материалы: лекция, урок, практическая или лабораторная работа, семинар, мастер-класс, цифровой образовательный ресурс и видеоподкаст. Работы могут быть представлены на казахском, русском и английском языках. Количество подаваемых видеоматериалов от участников конкурса ограничено. Один педагог или одна авторская группа может подать заявку на участие только в одном направлении и представить один видеоматериал.

Конкурсные работы оцениваются по семи критериям: актуальность, доказательность, межпредметная интеграция, методическая ценность, инновационность, культура речи и ораторское мастерство, качество передачи аудио/видеоряда.

В каждом из 12 направлений будет присуждено одно I место, два II места и три III места. Все участники конкурса регионального и республиканского этапов будут награждены сертификатами и дипломами победителей. За самый просматриваемый видеоматериал на YouTube по каждому из направлений предусмотрен поощрительный сертификат.

❗️Стоит отметить, что все наградные документы конкурса учитываются при аттестации на присвоение или подтверждение квалификационной категории.

❗️Заявки на участие в региональном этапе конкурса принимаются на сайте https://ppi.orleu-edu.kz до 10 октября.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар