Стратегиялық сессияға 257 педагог және  білім беру ұйымдарының басшылары қатысты

Сессияға  Астана қаласынан 257 педагог және  білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Конференция аясында пленарлық отырыс және 4 мастер-класс өткізілді.

Сессияда педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі курстық іс-шаралардың бағыттары, елордалық білім беру жүйесіндегі өзгерістер, цифрландыру саласындағы ұлттық жобалар және Томск қаласының ашық жастар университетінің білім берудегі цифрлық технологиялардың жаңа үрдістері ұсынылды.

Стратегиялық сессия аясында информатика мұғалімдеріне арналған “Tinkercad-та 3D-модельдеу” және “Цифрлық электроника” тақырыбында шеберлік сағаттар өтті.

Шеберлік сағатты Ашық жастар университетінің  мамандары өткізді:

● Дмитриев Игорь Вячеславович, «Интеллект аумағы» жобалық кеңсесінің директоры

● Оразбаева Сәуле Уәлиқызы, директордың даму жөніндегі орынбасары

● Глушкова Лариса Сергеевна, контент әзірлеу әдіскері

Сондай-ақ, шеберлік сабақтарды Ашық жастар университетімен бірлесіп жұмыс істейтін Астана қаласы мұғалімдерінің 5-11 сынып оқушыларын тереңдетілген IT-даярлау бағдарламасы бойынша сабақтар жүргізетін педагогтер өткізді:

● Кольцов Михаил Петрович, № 60 мектеп-лицейінің мұғалімі

● Садвакасова Әсем Серікқызы, «Экономикалық лицей»ЖШС мұғалімі.

Сессия қатысушылары іс-шараның жоғары деңгейде өткенін, сондай-ақ пленарлық секцияда және шеберлік сағаттарда ақпарат тек теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық сипатта болғанын атап өтті.

Сессия нәтижесі оқушылардың цифрлық құзыреттілігі мен инженерлік ойлауын дамытуда негізгі және қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері арасында өзара тәжірибе алмасу, жаңа білім мен кәсіби дағдыларды игеру болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар