Студенттер Жамбыл-«Өрлеуде» қонақта 

Жамбыл-«Өрлеу» базасында М. Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің «Ұстаз» институты педагогикалық мамандықтарының 4 курс студенттерімен  жайлы атмосферада қызықты кездесу  өтті. Кездесуде Институт директоры Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы ХХІ ғасырға лайық педагогтер үшін ақпараттық сауаттылық, мәдени ашықтық және шет тілдерін меңгеру, пәндік құзыреттіліктерді білу сияқты аса маңызды қасиеттер білім алушылардың сапалы білім алуы үшін қажетті шарт болып табылатынын атап өтті. Студенттермен әңгімелесу барысында ол өзінің еңбек жолының, ұстаздық қызметінің басталуы мен қызықты сәттері туралы айтып, болашақ мұғалімдерге кеңес берді. Барлық қатысушыларға Кәсіби даму институтымен танысуға, басшылыққа сұрақтар қоюға, өзекті білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты білуге мүмкіндік берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар