Суицидті мінез-құлықты алдын алу

2022 жылдың 12-23 қыркүйек аралығында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Иманбай В.О. мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курс барысында тыңдаушыларға жасөпірімдердің арасындағы суицидті мінез-құлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізуді,  заманауи технологияларды қолдану арқылы жұмыс жасау тетіктерін түсіндірді. Сонымен қатар, мектепте қауіпсіздік психологиялық жайлы орта құру мәселелері де кеңінен талқыланды, тыңдаушылар кәмелетке толмағандар арасында суицидті мінез-құлықтың алдын алу мәселелерін шешу, суицидті мінез-құлықтың белгілерін ерте анықтау және дағдарыс жағдайындағы балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, бойынша тәжірибелерімен өзара алмасты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар