Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары

«Өрлеу-Астана» филиалының қызметкерлері үшін «Өрлеу» АҚ-ның комплаенс-офицер – әдеп жөніндегі уәкілі Сакенов С.Е. қатысуымен семинар өтті. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды аспектілері талқыланды.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қолданыстағы тұжырымдамасы щеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мектеп орындығынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді.Білім беру бағдарламаларына парасаттылық тақырыптары енгізіліп, жоғары оқу орындарында академиялық адалдық принциптерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Тұрақты нәтижелерге қол жеткізу үшін тек ресми шаралар жеткіліксіз. Білім беру процесінің барлық қатысушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы практиканы және оған төзбеушілікті қолдау маңызды. Педагогтер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және моральдық-құқықтық мәдениетті қалыптастыру — осы жұмыстың негізгі аспектілерінің бірі. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін “Өрлеуде” жедел желі жұмыс істейді, ол бойынша әрбір адам анықталған бұзушылықтар туралы хабарлай алады.
Сакенов С.Е. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының бар жүйесі туралы айтып берді, оған пара беруді қылмыстық жауапкершілікке тарту, заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту, мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлардың ашық тізілімін енгізу және кәсіби адалдықты тексеру кіреді. Осылайша, республикадағы төрт ведомствода Integrity Testing пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.
Мұндай кездесулер «Өрлеу» қызметкерлері арасында жоғары хабардарлық деңгейін және адалдық пен ашықтық мәдениетін дамыту үшін тоқсанына бір рет өткізіледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар