Сынып жетекшісінің әдістемелік шеберханасы

«Өрлеу» Маңғыстау филиалының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп педагогтеріне арналған «Сынып жетекшісінің әдістемелік шеберханасы» тақырыбында онлайн семинар өтті.🔷Семинардың мақсаты: -сынып жетекшілеріне құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері, тәрбие бағдарламасының өзгерістері туралы түсінік беру;-сынып жетекшісі жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдарын меңгерту.🔷Міндеттері:-тәжірибелік жұмыстар негізінде сыныптағы тәрбие жұмысының ерекшеліктерін меңгерту;-сынып жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін STEM/STEAM білім беру тәсілдерінің қолдану жолдарын қарастыру.🔷Семинарды Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Гүлдариға Мамутованың жетекшілігімен Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Мейрамгүл Жаңабергенова жүргізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар