СҚО бойынша “Өрлеу” филалы педагогикалық ұжымдармен кездесулерін жалғастыруда.

2023ж. 24.03. “Өрлеу” СҚО филиалының директоры Лейла Альмагамбетова педагогикалық кеңестің жұмысы аясында Петропавл қ. Ю. Гагарин ат. №14 ОМ ұжымымен кездесу өткізді. Мектеп директоры Сергей Мартемьянов оқыту тәжірибесін жақсарту, талантты және дарынды балаларды анықтау, оқытуда сараланған тәсілді жүзеге асыру үшін Lesson study өткізу мәселелері бойынша әдістемелік қолдауды ұйымдастырудың қажеттілігін атап өтті.
Белгіленген мәселелерді бірлесіп талқылау туындаған қиындықтарды шешу үшін филиал басшылығымен және мамандарымен кездесу кестесін анықтауға мүмкіндік берді.
Қатысушылар мамандардың анықталған мәселелерді шешу тәсілдеріндегі іскерліктерін, бейресмилігін, ашықтығын, жеделдігін ерекше атап өтті.
Мұндай кездесулер ай сайын өткізілетін болады және білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылдың икемді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар