СҚО-«Өрлеу»-де ҚР АОМ мемлекеттік тапсырысы бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды!

«Өрлеу» курстары педагогтарға пәндік білім саласындағы кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, оқытудың инновациялық әдістері мен нысандарын меңгеруге, курстан кейінгі қолдау алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан 181 педагог СҚО-«Өрлеу»-ді таңдады!
Біз әдіскерлерге, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне, ағылшын тілі мұғалімдеріне, информатика мұғалімдеріне, сондай-ақ “Жаһандық құзыреттілік”пәнін оқытатын мұғалімдерге арналған білім беру бағдарламалары бойынша курстардың алғашқы тыңдаушыларымен кездесуге қуаныштымыз.
Шақырылған лекторлар ретінде қаланың үздік педагогтары тартылды, көшпелі практикалық сабақтар үшін білім беру ұйымдары таңдалды.
Филиал қабырғаларында білім беру мен өзін-өзі дамытудың өзекті мәселелерін зерделеу үшін жайлы және жағымды атмосфера орнаған.
Әр мұғалімге нәтижелі білім тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар