✅Бүгін СҚО «Өрлеу» филиалы мен «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектебі» ынтымақтастығы аясында «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» курсы аясында «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында көшпелі практикалық сабақ өтті.
🎯Мақсаты: инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
📃Көшпелі практикалық сабақта қаралған кейстер:
• Жалпы білім беретін мектепте оқу процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды сүйемелдеу. Инклюзияны қолдау кабинеті бойынша экскурсия – Гулжан Абильмажинова, әдіскер;
• «Күзге саяхат» кіші топтық түзету-дамыту сабағы – Регина Усманова, логопед-мұғалім;
• Инклюзивті ортадағы «Жақшасы бар және онсыз өрнектер» тақырыбындағы сабақ-Екатерина Стаценко, педагог-модератор, бастауыш сынып мұғалімі; Жамиля Плысюк, педагог-ассистент;
• «Жақшасы бар және онсыз өрнектер» тақырыбындағы сабақ – Альбина Абдулхаимова, педагог-модератор, бастауыш сынып мұғалімі; Елена Кобельская, педагог-ассистент;
• «Күзгі марафон» түзету-дамыту сабағы-Мироняк Альбина, педагог-сарапшы, педагог-психолог;
• «Күзгі орманға математикалық саяхат» тақырыбындағы жеке сабақ – Светлана Портная, педагог-модератор, арнайы педагог (мұғалім-дефектолог)
🔁Өрлеу – СҚО филиалы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектебі» директоры Гульден Аленоваға алғысын білдіріп, жасалған меморандум шеңберінде одан әрі жемісті ынтымақтастықты жоспарлап отыр.

- 11 Сен
- 2024