✅Бүгін СҚО «Өрлеу» филиалы – мен «Салтанат» балабақша ынтымақтастығы аясында «Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курсы аясында «Мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігінде этномәдени ортаны жобалау» тақырыбында көшпелі практикалық сабақ өтті
🎯Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігінде этномәдени ортаны жобалау.
📃Көшпелі практикалық сабақта қаралған міндеттер:
-этномәдени құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін заттық-дамытушы ортаның мазмұнын зерделеу;
-этномәдени ортаны құрудың негізгі қағидалары және оларды іске асырудың жолдарын анықтау;
-этномәдени ортада ұлттық мәдениетпен танысуға арналған ойындар мен шығармашылық тапсырмаларды құрастыру тәжірибесін жетілдіру.
🔁Өрлеу-СҚО филиалы «Салтанат» балабақша басшысына Балгын Мусинаға алғысын білдіреді және одан әрі жемісті ынтымақтастықты жоспарлайды.

- 11 Сен
- 2024