«Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының облыстық кезеңі өтті

2024 жылдың 11 желтоқсанында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында өткен «Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының облыстық кезеңінде қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін насихаттау, медиасауаттылықты арттыру, және педагогтер мен оқушылардың үздік тәжірибелерін анықтау мақсатында білім алушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылды:
1. «Қылқалам шебері» – қазақ әдебиетіндегі шығармаларды, кейіпкерлерді комикс және креативті жанрда бейнелеу;
2. «Сөз майталманы» – қазақ әдебиеті мәдениеті, болашақ ұрпақ, құндылықтар тақырыбындағы прозалық және поэзиялық шығармаларды, мақалаларды газет-журналдарға жариялау;
3. «Жыр жауһары» – Сәкен Сейфуллиин, Ильяс Жансүгіров, Бейімбет Майлин мерейлі 130 жасқа, Бердібек Соқпақбаев, Әбдіжамал Нұрпейсов шығармаларын Тик-Ток, Инстаграм, Facebook әлеуметтік желілерінде жатқа оқу #CөзМаржан_Collaboration Fest хэштегтерімен орналастыру.

Байқау аясында жеңімпаз білім алушылардың педагогтері «Ұлағатты Ұстаз Күнделігі» атты әдістемелік таныстырылымында педагогтер үздік тәжірибелерімен бөлісті.

🏆 Байқаудың қорытындысы бойынша республикаға жеті бала жолдама алды!

Жеңімпаздар мен марапатталған оқушылар:
• «Қылқалам шебері» номинациясында 2-4 сыныптар арасында І орын, 5-7 сыныптар арасында 1 орын, 8-10 сыныптар арасында бір І орын мен екі ІІ орынға ие болды.
• «Сөз майталманы» номинациясында 5-7 сыныптар арасында І орын, 8-10 сыныптар арасында І орын жеңіп алды.
• «Жыр жауһары» номинациясында бірнеше оқушы мақтау қағазымен марапатталды.
Өзге ұлт өкілдерінен де үздік шығармашылық көрсеткен оқушылар марапатталды.

Бұл байқау жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, оларды шығармашылықпен айналысуға жетелейтін бірегей мүмкіндік болып табылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар