«Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының республикалық кезеңі

🎉Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының республикалық кезеңі өз мәресіне жетті! Республикалық кезең қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Каныбек Бекболатұлы мен «Өрлеу» Ұлттық Орталығының басқарма төрайымы Айдана Шилибекова жеңімпаздарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

📚 Ана тіліміздің құдіретін сезіндіріп, көркем сөздің қадірін арттырған жас дарындарымыз өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз, ал жеңімпаздарды ерекше құттықтаймыз! 🏆

🥇 І орын: «Ұлағатты Ұстаз Күнделігі» таныстырылымы номинациясы Айдосқызы Арна, М.Базарбаев атындағы №138 гимназия, жетекшісі Адекенова Динара

🏅 III орын: «Қылқалам шебері» номинациясы Жайлаубай Амина, Жайлаубай Сабина, №149  ЖББМ, жетекшісі Адекенова Динара

🏅 III орын: «Жыр жауһары» номинациясы Ерхалым Каусар Еркінқызы, №62 гимназия, жетекшісі Хамза Майрагүл

🌟Сіздерге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз! 🌟

#СөзМаржан #Жеңімпаздар #ТілҚазына #Өрлеу

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар