«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының ағымдағы жылғы 28-31 қазанда облыстық кезеңі өткізілді.
Байқау орта білім беру ұйымдары білім алушыларына қазақ халқының мәдениетін, төл әдебиетін кеңінен насихаттау, медиасауаттылыққа баулу, педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау мен таратуға бағытталды.
Байқауға білім беру ұйымдарынан 2-4, 5-7, 8,10 сыныптардан әр бағыт бойынша 1 оқушыдан қатысты.
Байқау оқушылар үшін үш бағыт бойынша өткізілді:
- «Қылқалам шебері» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды, кейіпкерлерді комикс және креативті жанрда бейнелеу)
- «Сөз майталманы» (қазақ әдебиеті мәдениеті, болашақ ұрпақ, құндылықтар тақырыбындағы прозалық және поэзиялық шығармаларды, мақалаларды газет-журналдарға жариялау.
- «Жыр жауһары» (Сәкен Сейфуллиин, Ильяс Жансүгіров, Бейімбет Майлин мерейлі 130 жасқа, Бердібек Соқпақбаев, Әбдіжамал Нұрпейсов шығармаларын Тик-Ток, Инстаграм, Facebook әлеуметтік желілерінде жатқа оқу #CөзМаржан_Collaboration_Fest хэштегтерімен орналастыру.
- Байқау аясында жеңімпаз білім алушылардың педагогтері «Ұлағатты Ұстаз Күнделігі» атты бағыт бойынша әдістемелік құралдарын ұсынып, үздік тәжірибелері қарастырылды.
Облыстық кезеңнің қорытындысымен келесі сілтемеге өтіп, https://orleu-edu.kz/2024/01/09/56567/ сайтынан танысуға болады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! І орын иегерлерінің жұмыстары Республикалық кезеңге жіберіледі. Республикалық кезеңнің қатысушыларына сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!