Үстіміздегі жылдың 5 ақпанында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» Ұлттық орталығы «Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының Республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау іс-шарасы өтті. Байқау орта білім беру ұйымдары білім алушыларына қазақ халқының мәдениетін, төл әдебиетін кеңінен насихаттау, медиасауаттылыққа баулу, педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау және таратуға бағытталды.
Жиында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, «Өрлеу» Басқармасының төрайымы Айдана Шилибекова білім алушыларды және педагогтерді құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді
Байқауда орта білім беру ұйымдары оқушылары «Қылқалам шебері», «Сөз майталманы» және «Жыр жауһары» номинациялары бойынша онлайн форматта бақ сынады.
Бұл бағыттар арқылы жас таланттар қазақ әдебиетінің классиктерін, ұлттық мәдениетті және заманауи медианы өз шығармашылығында үйлестіре білді.
Байқау оқушылардың креативтілігі мен елжандылық сезімдерін оятуға, оқу сауаттылығын арттыруға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Республикалық кезең нәтижесі бойынша Бекет Перизат пен жетекшісі Дюсембаева Ақсамал Серғазықызы 1 орын; Кабдрахманова Аяулым мен жетекшісі Тапишева Әсемгүл Өмірзаққызы сертификат иеленді. Жеңімпаздар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының дипломдарымен марапатталды.
Республикалық байқаудың жеңімпаздарын және осы додаға дайындаған жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!


