«СӨЗ МАРЖАН» COLLABORORATION FEST РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

✅«СӨЗ МАРЖАН» COLLABORORATION FEST РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ💡Байқауды «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы алғаш рет Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізді.

📌Байқаудың негізгі мақсаты-қазақ халқының мәдениетін насихаттау, орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын медиа сауаттылыққа баулу, сондай-ақ педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау және тарату.

📉Биыл білім беру ұйымдарынан барлығы 39 өтінім келіп түсті. Аққайың, Айыртау, Жамбыл аудандарының, ат. Ғ. Мүсірепов.Байқау 3 номинация бойынша өткізілді:

🎨 “Қылқалам шебері” – Қазақ әдебиеті шығармаларының, комикс және креативті жанрдағы кейіпкерлердің бейнесі – 12 жұмыс;

📰 “Сөз майталманы” – газеттер мен журналдарда прозалық және поэтикалық шығармаларды, қазақ әдебиетінің мәдениеті, болашақ ұрпақ, құндылықтар тақырыбындағы мақалаларды жариялау-7 жұмыс;

📹 “Жыр жауһары” – Facebook, Instagram, Тик-Ток әлеуметтік желілерінде шығармашылық роликтер жасау-20 жұмыс.

🏆 Байқау аясында білім алушылар жүлделі орындарға ие болған педагогтар үшін “Ұлағатты Ұстаз Күнделігі” жеке номинациясы қарастырылған.

👩‍💻 Педагогтар ұсынылған критерийлер бойынша өздерінің үздік әдістемелік тәжірибелерін таныстырды.

👏 Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Конкурстың республикалық кезеңінде сәттілік тілеймін!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар