“Өрлеу”- СҚО “Сөйлейтін қабырғалар” әдістемесін енгізу ” жобасын іске асыруды жалғастыруда.
Мәселен, 1 ақпанда Петропавл қаласының “Айгөлек” бөбекжай-бақшасында филиал қызметкерлері Мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогтарының жұмыс тәжірибесіне әдістемені енгізу бойынша семинар өткізді.
Онлайн-режимде қонақтар ретінде семинарға біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары – Шымкент қаласының “Жанбалажан”, “Арофат” балабақшаларының тәрбиешілері шақырылды.
Кездесу аясында Өрлеу-СҚО директоры Л. Әлмағамбетова балабақшада пәндік-кеңістіктік даму ортасын құру үшін осы әдістемені қолданудың шетелдік тәжірибесімен бөлісті.
Өз кезегінде педагогтар өз ұйымдарында жобаны іске асырудың авторлық эскиздерін әзірледі, Филиал қызметкерлерінен енгізу бойынша практикалық ұсыныстар алды.

- 02 Фев
- 2023