СҚО-«Өрлеу» Петропавл қаласының білім бөлімімен бірлесіп Нұр-бөбек базасында «Жаңа ұрпақ үшін жаңа технологиялар:мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесінде «Сөйлейтін қабырғаларды» пайдаланудың нысандары мен тәсілдері» жобасын іске асыру шеңберінде облыстық тәжірибеге бағдарланған семинар өткізді.
Облыс педагогтары «Нұр Бөбек» балабақшасының пәндік-кеңістіктік ортасын трансформациялаудың нақты мысалдарын көре алды, онда кеңістіктегі әрбір элемент жылжымалы және үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келеді
Төрт ашық ұйымдастырылған қызмет ұсынылған:
• «Гость из Арктики» (№3 жоғары топ)
• «Путешествие в заколдованный лес» (№2 орта топ)
• «Космическое путешествие в страну знаний» (№6 мектепалды тобы)
• «Ұлттық нақыштағы той»
Сондай-ақ, шеберлік сабағы өткізілді, онда семинардың әрбір қатысушысы «Сөйлейтін қабырғалардың» элементтерін өз бетінше дайындады.
Рефлексия барысында жаңа әсерлер мен білімдерден шабыттанған семинарға қатысушылар өз тәжірибелерінде осындай тәжірибені бейімдеу қажеттігін атап өтіп, семинарды өткізгені үшін алғыстарын білдірді!