СҚО-«Өрлеу» Петропавл қаласының білім бөлімімен және Петропавл қаласының «Айгөлек» бөбекжай-бақшасымен бірлесіп Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңістікті ортасын құруда «Сөйлейтін қабырғалар» әдістемесін қолдану» атты облыстық семинар өткізді.
Облыс педагогтары осы әдісті қолдану арқылы баланың жеке басын дамыту үшін балабақшаның қолайлы пәндік-кеңістіктік ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені таратуды бағалай алды.
Екі тілде алты кіріктірілген іс-әрекет ұсынылды, онда облыс мұғалімдеріне ұлттық қабырға ойыны «бестемше», «умной говорящей юрты», виммелбух кітаптарын пайдалануды көрсетті. Барлық ұсынылған дидактикалық материалдар теңдесі жоқ бірегей авторлық әзірлемелер болып табылады.
Сондай-ақ, семинар қатысушылары “stritelling” технологиясы және cross sense басқатырғыштары бойынша әңгіме текшелерімен жұмыс жасап, дәстүрлі емес ашық ойындарға қатысып, «сөйлеу жолдарын» пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ырғақ мен әдептілік сезімін дамыту тәсілдерін пысықтады.
Рефлексия барысында семинарға қатысушылар семинарда көргендері жұртшылықты дүр сілкіндіріп, өз тәжірибесінде қолданылатынын атап өтті.

- 27 Апр
- 2023