📣Табысқа бірге: Өрлеу-Атырау филиалының жылдық қорытынды шарасы
Жыл аяқталар тұста “Өрлеу-Атырау” филиалы “Табысқа бірге: жылдың ұжымдық жетістіктері” атты салтанатты шара ұйымдастырды. Бұл жиын филиалдың жыл бойғы жетістіктерін атап өту, серіктестер мен қызметкерлердің еңбегін бағалау мақсатында өткізілді.
🔰Іс-шараға филиал қызметінде елеулі үлес қосқан тренерлер, серіктестер мен қызметкерлер арнайы шақырылып, олардың еңбегі лайықты марапатталды. Бұл күні әр қатысушы өзін ұжымның бір бөлшегі ретінде сезініп, ортақ табыстарға бірге қуанды.
Атап айтар болсақ филиал қызметінде 2024 жылы тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеген серіктестер Алғыс хатпен марапатталды:
1. Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі
2. Атырау облыстық тарих-өлкетану музейі
3. Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы
4. Атырау облыстық балалар кітапханасы
🔰Филиалдың жылдық қорытындысы бірқатар маңызды белестерді қамтыды:
• Сапалы курстар мен семинарлар: Аймақтағы педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған тренингтер мен шеберлік сабақтары жоғары деңгейде өткізілді.
• Серіктестік аясындағы жобалар: Әріптестермен бірлескен жобалар білім беру сапасын арттыруға ықпал етті.
• Инновациялар: Жаңа технологиялар мен оқыту әдістемелерін енгізу арқылы білім беру үрдісі заманауи талаптарға бейімделді.
Жиын барысында 2024 жылы филиал жұмысында белсенділік танытқан шақыртылған тренерлерге құрмет грамоталары табысталды. Бұл тек марапаттау ғана емес, ұжымның әр мүшесін ынталандыру мен қолдаудың бір көрінісі болды.
“Өрлеу-Атырау” филиалы ұжымдық жұмыстың, әріптестік қарым-қатынастың және ортақ мақсаттарға ұмтылыстың арқасында білім беру саласындағы жаңа биіктерге қол жеткізуді басты мақсат ретінде бағдар қылып ала бермек.


