Талқылау жалғасуда

«Педагогтің» кәсіптік стандарты жобасы туралы ақпараттық түсіндіру, талқылау жұмыстары Оралдағы «Өрлеуде» жалғасуда.  Бүгін арнаулы пәндер мұғалімдерімен Zoom платформасында онлайн вебинар өтті. Вебинарға жүзге тарта педагог қатысты. 

Іс-шара барысында институт директорының орынбасары Күміс Байкатова Оқу-ағарту министрлігі ұсынған жаңа жобаны талқылау барысындағы әрбір педагогтің ұсыныс-пікірлері аса маңызды екендігін атап өтті.

Институттың аға оқытушысы Гүлмаржан Өтеғұл 2017 жылы 8 маусымда бекітілген «Атамекен» Ұлттық Палатасының «Педагогтің» кәсіби стандарты мен жаңа жобаның айырмашылықтарын атап өтті. Сонымен қатар педагог мамандығының құндылықтары, педагогтердің кәсіби өсуі, құзыреттілік критерийлері, мамандық картасы және өзге де мәселелерге тоқталды.

Бұдан әрі қатысушылар секцияларға бөлініп, 1.8 арнаулы пән педагогтерінің картасын талдады.

Вебинар қорытындысында қатысушылар жаңа жоба бойынша өз ұсыныстарын берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар