Тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті

Дәстүрлі тамыз кеңесінің секциялық отырысы “Барлығына қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесе дамыту стратегиялары” тақырыбында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ұйымдастыруымен физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасты.

Мақсаты: “943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту” жобасы шеңберінде мектеп басшылығы мен әдіскерлердің кәсіби қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындау.

    Секция жұмысына  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті, ҚР Оқу-ағарту министрлігі өкілі Тыныбаева Мадина Ағланқызы, БҚО әдістемелік орталығы директоры Құбашева Гүлмира Камалқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалы директоры Измуханбетова Софья Салахиденқызы және аудандық/қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, облыстық әдістемелік орталық әдіскерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдері әдіскерлері қатысты.

 Секция жұмысын БҚО әкімінің орынбасары Меңдіғалиев Қайыржан Ермекұлы алғысөзбен ашты.

      Секциялық жұмыста  “943-елдің нысаналы мектептерін дамыту” жобасы туралы» Министрлік өкілі Мадина Тыныбаева баяндама жасап,«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру тетіктеріне тоқталды.   

      БҚО білім басқармасының орынбасары Луара  Батыргалиева  «Жобалық кеңестің жоспарланған қызметі туралы» жан-жақты тоқталды.  БҚО әдістемелік орталығы директорының орынбасары  Сауле Алимбаева өз баяндамасында нысаналы мектептердің жеке портреттері мен жұмыс жоспарларын әзірлеу және енгізу жөнінде айтты.

       «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалы директорының орынбасары Күміс Байкатова«Әдіскерлердің қолдауымен нысаналы мектептерді дамытудың траекториясы мен құралдары» тақырыбында сөз сөйлеп, «Өрлеу» БАҰО LMS платформасында нысаналы мектептердің педагогтері мен сол мектептерге жетекшілік ететін әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін базалық деңгейдегі онлайн курстарға тіркеу басталғанын, ұлттық жобаны іске асырудағы әдіскерлердің рөлін атап өтті. БҚО білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зауре Гумарова жобаны іске асыру шеңберіндегі бақылау / мониторингтік іс-шаралар туралы кеңінен тоқталды.

      Секция отырысында педагогтер іс-тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар