2024 жылдың 21 тамыз күні Астана қаласында Қазақстанда білім беру саласындағы үздік халықаралық мамандардың басын қосқан тамыз кеңесі өтті. Биылғы жылы ол «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналады.
Бірінші рет дәстүрлі тамыз конференциясы халықаралық қонақтар – білім берудегі сарапшылардың қатысуымен Саммит форматында өтті.
Саммит аясында жасанды интеллектті қолдана отырып жасалған цифрлық өнімдердің білім беру көрмесі ұйымдастырылады.
Сондай-ақ білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстармен қатар шеберлік сабақтары өтті.
Iс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер марапатталды.
Оған 500 мыңнан астам педагог офлайн және онлайн режимдерде қатысты.
Саммит жұмысына Алматы қаласынан делегаттары да қатысты. Оның ішінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Ержан Мелдебеков те бар. Саммит жұмысына еліміздің барлық деңгейдегі білім ұйымдарының педагогтері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.



