2022 жылдың 1 наурыз күні Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы К.Г. Смағұлова Балқаш қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі ұйымдастырған «Тарихты тұлғалар жасайды» дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ел тарихындағы белгілі тұлғалардың тарихи рөлі, ел келешегі үшін қосқан үлестерін насихаттау, Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбектері туралы пікір алмасу.
Дөңгелек столда К.Г.Смагулова ұлтымыздың ұлы ұстазы, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын еңбектер жөніндегі ойларымен бөлісті.
Сонымен бірге дөңгелек үстел жұмысына Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Ж.Қ.Смағұлов, «Болашақ» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. профессор Қ.З.Сембиев қатысып, алаш көсемі Әлихан Бөкейханов және ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің маңыздылығы жөнінде пікірлерін ортаға салды.
Балқаш қаласының мектептерінен қатысқан ұстаздар, оқушылар Әлихан Бөкейханов және Ахмет Байтұрсынұлы мұраларының Тәуелсіз Қазақстан ұрпақтарын отаншылдық, ұлттық рухта тәрбиелеуде маңыздылығын атап өтті.
К.Г. Смағұлова,
әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы