Тарих мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту курсы аяқталды

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін заманауи талаптарға сәйкес жетілдіру – білім беру сапасына оң әсер ететін факторлардың бірі.

«Өрлеу» Қызылорда филиалында 12-23 қыркүйек аралығында «Тарих мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 10-11 сыныптардың күрделі тақырыптары» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтті. Курс тарих пәнінен күрделі тақырыптар бойынша теориялық, практикалық және әдістемелік дағдыларды кеңейтуге бағытталды.

Біліктілікті арттыру курсы барысында тыңдаушылар:

– «Қазіргі заманғы ғылыми технологиялар» тақырыбы аясында тарихи ойлаудың зерттеу біліктері мен дағдыларын зерделеді.

– «Қазіргі әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі» тақырыбын оқып-үйренуде оқушылардың тарихи терминдермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тәжірибесімен алмасу мүмкіндігіне ие болды.

– «Алаш – қоғамдық ой және ұлттық идея» тақырыбы бойынша оқушылардың талдау біліктері мен логикалық ойлауын дамыту бойынша әдістемелік тәсілдерді пысықтады;

– «Әлемдік өркениеттер тарихы» тақырыбын зерделеу кезінде саралау әдістерін пайдалану бойынша өз дағдыларын жетілдірді.

– Lesson Study технологиясын зерделеуге арналған көшпелі сабақта, курстан кейінгі кезеңде өз тәжірибесінде қолдану үшін Lesson Study-дің 5 кезеңін жобалау бойынша демонстрациялық сабақты бақылау және талдау жүргізді.

Педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту – біздің басты назарымызда.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар